Ұлттық құндылықты ұрпақ санасына сіңіру – басты міндет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық құндылықты ұрпақ санасына сіңіру – басты міндет

24.10.2024

Ұлттық құндылық – ел болашағы. Оны ұрпақтың санасына сіңіру – басты міндет. Бұл тақырып бүгін Алматыда өткен халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда сөз болды. Ағарту саласының білікті мамандары мен студенттер бас қосқан жиында білім беру жүйесіндегі этнопедагогиканың маңызы айтылды.

Сондай-ақ шараға қатысушылар заманауи озық әдістемелер арқылы құндылықтарды оқушыларға дұрыс жеткізудің тетіктеріне тоқталды. Отбасыдан басталатын құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналғанын атап өтті. 2024-25 оқу жылында білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылған.

Қайсар Нұрлыбаев, «Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы Алматы облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры:

Қазіргі таңдағы біздің қоғамдағы ең негізгі басты назарға ұстап жатқан нәрсе ол – білім беру, яғни бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосу үшін ұрпақты да білімді қылып оқытуымыз қажет деп ойлайды. Ал шын мәніне келетін болсақ, ең негізгі біздің мақсатымыз – ұлттық құндылықтағы тәрбиені дәріптеуіміз қажет болады.

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу