Елімізде жүк вагондарының өндірісі 6 есеге өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жүк вагондарының өндірісі 6 есеге өсті

24.10.2024

Елімізде жүк вагондарының өндірісі 6 есеге өсті. Өткен 9 айдың қорытындысы бойынша мыңнан астам вагон шығарылған. Жыл соңына дейін оның санын 2000-ға жеткізу жоспарланып отыр. Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбековтің айтуынша, темір жол рельстерін өндіруде де оң динамика байқалады. Биыл 208 мың тонна рельс өндіру көзделсе, қазір оның 180 мың тоннасы орындалған. Өндірісте «Қазақстан темір жолы» компаниясының қажеттілігін орындауға баса мән беріледі. Ал қалған көлемі Өзбекстан, Грузия, Әзербайжан, Италия мен Ұлыбританияға экспортталады. Бұдан бөлек тұрмыстық техника өндірісі де 2 есеге көбейген. Өндірілген 170 мың үйге қажетті заттардың ішінде ас үй плитасы, шаңсорғыш, теледидар, пеш пен кір жуатын машина бар. Айта кетейік, министрлікте жыл соңына дейін 1 триллион 300 миллиард теңге болатын 180 жобаны іске қосу жоспарлаған. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу