Республика күніне орай Ақмола облысындағы Жібек Жолы ауылында мың түп ағаш отырғызылды. Шара «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған. Экологиялық науқанға жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар мен ауыл тұрғындары ат салысты. Олар ауыл көшелеріне сібір алмасы, ырғай және мойыл сынды ағаш түрлерін екті.
Темірлан Нұрсолтан