Жылдың үздік ұстаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жылдың үздік ұстаздары анықталды

24.10.2024

Жылдың үздік ұстаздары анықталды. «Үздік педагог-2024» байқауына еліміз бойынша 1750 мұғалім қатысты. Аудандық және облыстық кезеңдерде жоғары балл жинаған 194 ұстаз республикалық кезеңге жолдама алған. Бүгін Астана төрінде ведомство басшысы Ғани Бейсембаев үздік атанған мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 64 педагогті марапаттады. Жеңімпаздар «Үздік педагог» куәлігін алып, төсбелгісін тақты.

Қаныбек Жұмашев, Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру комитетінің төрағасы:

Жалпы бұл конкурс 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Негізгі мақсаты педагог мәртебесін арттыру. Педагогикалық қызметке, ұстаздық жолға үлгі өнеге ретінде еліміздегі ең мықты педагогтарды республика күнінде паш ету. Бүгінгі таңда осы күнге дейін 700-ге жуық жеңімпаздар анықталды. Ең көп дегенде бір облыстан, қаладан, мысалы Астанадан 4 жеңімпаздан бар.

Байқауда топ жарған педагог Гүлнар Жалғасқызы 22 жыл үздіксіз ұстаздық қызмет атқарып келген. Ол «Үздік педагог» атанды.

Гүлнар Ешжанова, Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледждің арнайы пән оқытушысы:

Жастарға сапалы білім беруде өзімнің аянбай еңбегімді сіңіріп келем. Енді бүгінгі «Үздік педагог-2024» байқауына бірінші рет қатысуым. Бұл өте керемет шара болды. Әрине қиыншылықтары да болды. Бірақта жастарға білім беруде аянбай еткен еңбегімнің нәтижесі деп білемін.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу