Бүгін – Кітапханашы күні. Бұл мамандық заманға сай жаңа бағыт алып, түрлене түсті. Алайда мақсат бір. Жас жеткіншектерді кітап оқуға баулу. Сондықтан бұл салада қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі зор. Қарағандыда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында 30 жылдан аса жұмыс істеп жүрген Қалқатай Қалиева, - кітапханашы болу зор мәртебе , - дейді.
Бүгін елімізде мәртебелі әрі киелі мамандық, кітапханашы күні тойлануда. Жаңғырған заманда бұл сала да жаңа бағыт алып, түрлене түсті. Алайда мақсат бір. Жас жеткіншектерді кітап оқуға баулу. Сондықтан бұл салада қызмет етіп жүрген жандардың еңбегі зор. Қарағандыда Абай атындағы облыстық балалар кітапханасында 30 жылдан аса жұмыс істеп жүрген Қалқатай Қалиева, - кітапханашы болу зор мәртебе және әмбебап болу керексің, - дейді.
Қалқатай Қалиева, Абай атындағы облыстық балалар кітапханасыны басшысының орынбасары:
Абай атындағы балалар кітапханасында 2000 жылдан бастап қызмет атқарып келемін. Бұл салада жалпы істегеніме еңбек өтілім 32 жыл. Кітап әлеміне деген қызығушылығым осы мамандықты таңдауға үлкен себеп болды деп ойлаймын. Қазіргі замандағы кітапханашы мамандығының миссиясы енді… 20,30 жылдардағы адамдар бөлек болды ғой, сол секілді кітапхана мамандығы да өзгерген. Қазір міндетті түрде бір іс-шара дайындау үшін сценарист болуың керек. Мобилограф болу керек. Осы салада көптеген жетістікке жеттім. Былтырғы жылы «Мәдениет саласының үздігі» деген төс белгімен марапатталдым. Бірақ ең бірінші басты мақсат осы оқырман балалардың кітапханаға келіп, жүзбе-жүз кездесіп, олардың қызығушылығын арттыру менің басты жетістігім деп ойлаймын. Және киелі мамандық, өз мамандығымды сүйемін, жақсы көремін.
Жандос Бақытұлы