Астанада LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада LRT 2025 жылдың соңында іске қосылады

24.10.2024

Астанада LRT 2025 жылдың соңына таяу іске қосылады. Жеңіл рельсті көлік, машиниссіз жүреді. Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов құрылыс барысын тексерді. Негізгі темірбетон конструкцияларының құрылысы биыл жыл аяғына дейін бітуі тиіс. Келесі жылы рельстер төселіп, стансаларды Әрлеу жұмыстары жүргізіледі. LRT-ның жалпы ұзындығы 22,4 шақырымды құрайды. Жеңіл рельсті желінің бойында 18 станция болады. Жолаушы тасымалдауға арналған вагондардың жалпы саны – 19. Бірақ оның 14-і бағытта болса, бесеуі резервте тұрады. Сонымен 14 вагоннан тұратын қоғамдық көлікке 652 жолаушы емін-еркін сыяды. Әрбір станцияда жеңіл рельсті көлікті ары кетсе 4-5 минут күтесіз. Әуежай мен «Нұрлы жол» теміржол вокзалы арасындағы жолды орташа есеппен 35 минутта еңсересіз. LRT тәулігіне 25 мың адамды жолынан қалдырмауы тиіс. Төлем жүйесі қалалық автобустардағыдай болады. Көлік картасын валидациялаумен қоса, QR-код арқылы төлем жасау мүмкіндігі қарастырылады.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу