Елімізде Америка валютасын сатып алушылар күрт көбейді. Тіпті өткен айда долларға сұраныс 1,5 есе артып, қазақстандықтар 170 миллиард теңгеге АҚШ ақшасын сатып алған. Оның басым бөлігі шымкенттіктер. Алматылықтар да 46 миллиард теңгесін долларға айырбастаған. Маңғыстау облысы мен Астана тұрғындары да Америка валютасын көптеп сатып алғандардың қатарында. Ал рубльге керісінше сұраныс төмендеген. Оны сатып алушылардан гөрі, сататындар көп.
Досжан Маратұлы