Ел азаматтары енді тұрғын сертификаттарын eGov порталынан ала алады. Бұл туралы Ұлттық ақпараттық технологиялар басқармасы хабарлады. Десе де сертификат барлығына бірдей берілмейді. Тек баспанаға мұқтаж, табысы төмен адамдар ала алады. Олардың тізімін жергілікті әкімдіктер жасайды. Сертификатты Ұлттық банк бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша үй алатын кезде алғашқы жарна ретінде пайдалануға болады.
Досжан Маратұлы