Бүгін – Республика күні. Осы ұлық мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ақорданың алдында мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
Тәуелсіздіктің алғашқы бастауы саналатын бұл мереке ондаған жылдан кейін қайта жаңғырып, еліміздің жалғыз ұлттық мерекесі ретінде аталып өтетін болды.1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен тарихи құжат – «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Бұл құжат Қазақстанды тәуелсіз ететін құқықтық бастама болған еді.
Досжан Маратұлы