Талдықорғанда да Республика күніне орай салтанатты түрде ең биік ту көтерілді. Ұлттық мерекені ұлықтауға өңір басшылары, әскери күштік құрылымдар, қоғамдық ұйым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты. Ел тәуелсіздігінің басты нышаны көк байрағымыз көтеріліп жатқанда жиналғандар бірігіп, мемлекеттік әнұранды асқақтатты. Ту көтеру рәсімінде үлкенге де кішіге де рух беретін патриоттық әндер шырқалды. Республика күніне орай өңірде әлеуметтік нысандар ашылып, елдімекендерге табиғи газ қосылды, тұрғын үй кезегіндегілерге пәтер кілттері табысталды.
Баян Мұратбекқызы, қала тұрғыны:
Бүкіл Қазақстан елін осындай Республика күнімен құттықтаймыз. Бұл біздің тәуелсіз елдің бейбітшілік өмірде, көп ұлттың бір шаңырақ астында өмір сүруі. Осы мақсатпен біз бала-шағамызға болашақта үлгі болсын деп, әрі Қазақстан патриоты болып, туымызды желбірететін азамат болсын деген ниетпен осындай іс шараға келіп қатысудамыз.
Қуаныш Қанатұлы