Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиетке сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. КСМ: Алматыда қазақ әдебиеті классигінің 100 жылдығына арналған жиында зиялы қауым өкілдері осылай деді. Шараға келген қаламгерлер «Әбдіжәміл Нұрпейісов – қазақ әдебиетінің ұлы ұстазы. Әбеңнің тағылымын көрген ұрпақпыз»,-деді бірауыздан. Сондай-ақ, жиналғандар ғасырға жуық өмір сүрген классиктің шығармалары елдің әлеуметтік тағдыры турасында сыр шертеді. Уақыт өзгергенімен, өзектілігімен өміршең, деген ой айтты. Жазушының туындылары әлем елдерінің бірнеше тіліне аударылып, жаһан жұртына таныс. Бүгінгі шарада әдебиетте өзіндік қолтаңба қалдырған классиктің шығармаларының маңызы айтылды. Конференцияға Түркия, Франция, Литва, Қырғызстанның белгілі қаламгерлері келді.
Нұрлан Оразалин, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері:
Алыптардан кейінгі қазақтың прозасының тізгінін ұстаған және оны танытқан ең алғашқы, ірі тұлғамыз болғанын біз көзі тірісінде танығанбыз, мойындағанбыз. Қазіргі өлшеммен айтатын болсақ, алты құрлықты аралап кететіндей биікке көтеріліп, өзі көзі тірісінде соны құлағымен естіп, көкірегіне түйіп кеткен жазушы. Бірақ, ешқашан мен биікпін –ау деген сөзді айтпайтын.
Бигелді Ғабдуллин, журналист, қоғам қайраткері:
Әбең біреуден үйренуді білді. Ол дүниежүзінің әдебиетін біледі. Мынау Хэмингуэй, Ремарк, Стендаль қандай-қандай классиктерді айтсақ, бірден айтып кетеді. Әбең бір ғасырдың қазақ халқының қасіретін, қиындығын осы жалғыз адам айтып кетті. Бүгінгі конференцияда Әбенің әдебиетті кім екенін көрсетуіміз керек.
Айдана Қуантхан