Мерекеге орай Абай облысындағы қала, аудан орталықтарында түрлі мәдени, патриоттық шаралар өтіп жатыр. Облыс орталығы Семейде мереке «Таза Қазақстан» экологиялық акциясымен басталды. Өңір басшысы, Нұрлан Ұранхаев бастаған мемлекеттік қызметкерлер, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер қала көшелеріне ағаш екті. Әуезов даңғылының бойына 100 түп үйеңкі мен жөке көшеттерін отырғызды. 200 ден астам адам қатысқан экологиялық шарада көше бойы да тазаланды. Жалпы биылдың өзінде қалаға 15 мыңнан астам ағаш егілген.
Нұрлан Ұранхаев, Абай облысының әкімі:
Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын. «Таза Қазақстан» акциясы осы Абай облысында жалғасуда. Бұл бір реттік акция емес. Барлық аудан орталықтарында, елді мекендерде осы жұмыс жүруде. Осымен біз шектелмейміз. Биыл мыңға жуық тал егіледі. Барлық осы облыс тұрғындары өз үлестерін қосып жатыр.
Мереке париоттық шармен жалғасын тапты. Қаладағы аспалы көпірдің ұшар басында мемлекеттік ту көтеріліп, әнұран шырқалды. Ал, белсенді жастар автошеру ұйымдастырып, көк туды желбіретіп қала көшелерімен жүріп өтті.
Бекзат Заманбек, жастар ұйымының жетекшісі:
Бұл акцияларға біздің өңіріміздегі жастар белсенді түрде қатысып жатыр. Республика күні ұйымдастырылып жатқан шара болғандықтан, барлық қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтағым келеді. Еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Ержан Жақып