Жетісу облысында газ магистралінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында газ магистралінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

26.10.2024

Жетісу облысында Талдықорған-Үшарал газ магистралінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Ұзындығы 302 шақырым болатын құбырдың жалпы құны 132 млрд теңгеге жуық. Жоба жүзеге асса Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарының 66 елді мекені көгілдір отынмен қамтылып, 124 мың тұрғын өркениет игілігіне қол жеткізеді.

Бүгінде облыстың табиғи газбен қамтылуы 51 пайыздан асқан. Алдағы күндері тағы төрт ауылға көгілдір отын жеткізіледі. Ал 2025 жылдың соңына дейін барлығы 126 елдімекен газбен қамтылады.

Борис Цой, жоба жетекшісі:

Қазір біз 15 шақырым құбыр тартып қойдық. Тағы 40 шақырым шұңқыр қазылды. 6 жерден автоматты газ тарату станциясы орнатылады. Нысанда 300 адам жұмыс істеп жатыр. Алдағы уақытта жұмыс қарқынын арттырып, тағы да жұмысшы тартатын боламыз.

Қ. Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу