Шымкентте дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған жүкті әйелдің өмірін сақтап қалды. Қатерлі жағдайда болған науқас қаладағы №2 аурухананың перзентхана бөліміне шұғыл жеткізілген. Қатты қан кету мен үшінші дәрежелі геморрагиялық шок диагнозы қойылған. Ота үстелінде науқастың жүрегі тоқтап қалды. Мұны дер кезінде байқаған дәрігерлер, жүрек-өкпе реанимациясын сәтті жүргізді. «Қазір ана мен нәрестенің жағдайы жақсы», - деді Денсаулық сақтау министрлігі.