Израиль Иранның әскери нысандарына «дәлдеп соққы беру» операциясын аяқтады. Мұны ЦАХАЛ өкілі бірер сағат бұрын мәлімдеді. Оның дерегінше Ислам Республикасының ракета шығаратын зауыттары нысанаға алынған.
«Тасним» агенттігінің хабарлауынша, Иран қазір Израиль «агрессиясына» жауап беруге әзірленіп жатыр.
1 қазанда Иран Израильге 200-ге жуық баллистикалық ракета атты. Содан кейін Израиль бірнеше рет кек алатынын ескертті.
FlightRadar24 қызметінің дерегінше, Израильдің шабуылынан кейін Иранның әуе кеңістігі ұшақтардан босап қалған.