Ақмола облысында 54 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 54 отбасы баспаналы болды

26.10.2024

Ақмола облысында үй кезегінде тұрған 54 отбасы баспаналы болды. Оның 20-сы Көкшетау, қалғаны Бурабай ауданының тұрғындары. Жаңа қонысқа ие болғандардың қатарында көпбалалы жанұялар, зейнеткерлер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар. Қазіргі таңда өңірде мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу үшін 23 мыңнан аса адам кезекте тұр. Биыл облыс бойынша 500-ден аса баспана ел игілігіне берілген. Жыл соңына дейін тағы 2 мыңға жуық азаматқа пәтер кілті табысталмақ.

Хабарламаларға жазылу