Еліміздегі оқушылардың 80 пайызында көру қабілеті төмен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі оқушылардың 80 пайызында көру қабілеті төмен

27.10.2024

Мамандардың есебінше, еліміздегі оқушылардың 80 пайызында көру қабілеті төмен. Себеп – көзге түсетін салмақ өте көп. Экранға ұзақ қарау нерв талшықтары мен көз бұлшықеттерінің жұмысын бұзады.

Жалпы, смартфон «парақтау» уақытын шектемесе, 100 пайыздық көру қабілетінің өзі күрт нашарлай бастайды. Иә, цифрлық заманда ақпарат, мағлұмат, білім смартфон мен ноутбуктің «ішінде».

Бірақ мамандар смартфонға шұқшиып отыра берсек, көзілдіріктің өзіне зар болып қалуымыз мүмкін екенін айтады. Соқырлықты меңзеп тұр.

Раушан Сайлауқызы талдайды.


Хабарламаларға жазылу