Бүгін кәсіби мерекесін атап өткен әлеуметтік қызметкерлерге талап келесі жылдан бастап өзгереді.
Әлеуметтік қызметкер өздігінен жүріп-тұра алмайтын адамдарға көмектесетін маман. «Маман» деп қасаң сипаттағың келмейді. Иә, мемлекет беретін көмекті іске асырушы. Бірақ көмекке мұқтаж жандарды моральдық жағынан да қолдап жүретіндерін сезгендіктен жай техникалық қызметкер ретінде қабылдаған әділетсіз сияқты.
Үй жұмысын істеуден бөлек, қажетті жаттығулар жасатып, бала болса, сабақ оқытады. Арасында ерекше балалар бар.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің берген ақпары бойынша әлеуметтік қорғау саласында 35 мыңнан астам адам жұмыс істейді, оның басым бөлігі әлеуметтік көмек жөніндегі мамандар.
Алайда біз сөз етіп отырған – адамдардың үйіне барып көмектесетіндер туралы нақты мәлімет бермеді. Және қанша адамның үйіне барып көмектесу керектігі жөнінде де есеп жоқ. Сондай көмекке мұқтаж жанның нақты саны жоқ деген сөз.
Сонымен әлеуметтік қызметкердің міндетіне не жатады? Олардың қызметін тегін алуға кімнің қақы бар? Екінші жағынан, әлеуметтік қызметкердің жүктемесі қандай? Есепті қалай береді, кім тексереді?
Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға көмектесетін әлеуметтік қызметкерлердің айлығы 180-200 мың теңге аралығында. Данияр Қайыртайдың материалы.