ШҚО-да тұмау жұқтырғандар көбейіп барады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да тұмау жұқтырғандар көбейіп барады

28.10.2024

Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық-вирус инфекциясы өршіп тұр. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, осы жылдың тоғыз айында 201 мың науқас тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.

Жалпы сырқат саны 100 мың тұрғынға шаққанда 30 мың адамға жетті. Дәрігерлер халыққа тұмауға қарсы ертерек екпе салдыруға кеңес беріп отыр.

2024-2025 жылғы эпидемиялық маусымға дайындық аясында аймаққа тұмауға қарсы 75 мың вакцина жеткізілген. Вакцина құны ниетті тұрғындар үшін қолжетімді бағада.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу