Түркі мемлекеттері жаңа технологияларды бірлесе игермек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі мемлекеттері жаңа технологияларды бірлесе игермек

28.10.2024

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өнеркәсіп, технология және инновациялық салаларда бірлесе жұмыс істемек. Осы салаларға жауапты министрліктердің Ыстамбұлда өткен бірінші жиынында меморандумға қол қойылып, декларация қабылданды.

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше және бақылаушы мәртебесіндегі елдер цифрлық технологиялар, жасанды интеллект және ғарыштық технологияларды зерттеу мен игеруде күш біріктірмек. Бұл бағытта тиісті министрліктер бірлесе отырып арнайы жоспар әзірлеп жатыр.

Түркияда өткен мұндай жиын жыл сайын ұйымдастырылып тұрмақ. Келесі жылғы басқосу Әзербайжан елінде өтеді.

Мехмет Фатих Кажыр, Түркияның өнеркәсіп және технология министрі:

Бүгін қол қойған тарихи декларация мен меморандум біздің мүмкіндіктерімізді арттыратынына сенімдімін. Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер өнеркәсіп, технология, инновация салаларында күш біріктіруі біздің нығаюымызға да септігін тигізеді. Біз осылайша әлемдік үлкен мәселелерді бірге шешуге мүдделіміз.

Айдос Әшімұлы


Хабарламаларға жазылу