Шерзат Болат ісі бес бап бойынша тергеліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерзат Болат ісі бес бап бойынша тергеліп жатыр

28.10.2024

Шерзат Болат ісі бес бап бойынша тергеліп жатыр. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында жазған. Оның сөзінше, «Адам өлтіру», «Бұзақылық», «Қорқыту», «Қылмысты жасырып қалу» және «Қылмыс туралы хабарламау» баптары бойынша тергеу жүріп жатыр.

Ал «Қасақана кісі өлтіруге қатысты» деген күдікпен сегіз адам, «Қылмыс туралы хабарламау» бабы бойынша үш адам сот санкциясымен қамалған.

Сондай-ақ «Оқиға болған жерде жүрген басқа да адамдардың қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп, олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деді министр.

Айта кетейік, 16 жастағы Шерзат Болат 4 қазанға қараған түні Алматы облысының Талғар ауданында бір топ адам қатысы бар жанжал кезінде пышақталып қаза болған еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу