Каспий жағасынан 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каспий жағасынан 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды

28.10.2024

Маңғыстауда Каспий теңізінің жағалауынан 150-ден астам итбалықтың өлексесі табылды. Қызыл кітапқа енген су жануарлары дауылды желден кейін жағаға шығып қалған.

Мамандар 24 қазанның күні Түпқараған ауданы аумағындағы теңіз жағалауынан 51 итбалық, келесі күні сол жақтан тағы жүзін тапты. Жағада мониторинг жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Итбалықтардың қырылу себебі зертханалық тексерулерден кейін белгілі болмақ.

Арман Молдашев, облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы:

Итбалықтың зертханаға зерттеу бағыты үшін, тістері, ішкі құрылыстары және тырнақтары алынды. Мұның нәтижесі алдағы уақытта хабарланады. Сонымен қатар өлген итбалықтарды жергілікті атқарушы органның ұйымдастыруымен жерге көміліп жатыр.

Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу