ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолияға мемлекеттік сапармен барды. Ұлан-Батыр әуежайында еліміздің делегациясын Моңғолияның Сыртқы істер министрі Батмөнхийн Батцэцэг қарсы алды. Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ бірқатар маңызды құжатқа қол қою жоспарланған.
Айта кетейік Қасым-Жомарт Тоқаевты мемлекеттік сапармен келуге Моңғолия президенті арнайы шақырған еді.
Досжан Маратұлы