Алматыдағы Есентай өзеніне ағып кеткен бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы Есентай өзеніне ағып кеткен бала құтқарылды

28.10.2024

Алматыда 25 жастағы Әлихан Жақсылық суға батып бара жатқан баланы құтқарып қалды. Оқиға Есентай өзенінің аумағында болған.

Әлиханның айтуынша, шамамен 7 жастағы бүлдіршін Есентай өзені аумағында ойнап жүріп, аяғы тайып, суға құлап кеткен. Оны көрген азамат, суға бірден секіріп, жедел әрекет етіп, ағынмен кетіп бара жатқан бүлдіршінді ұстап қалған.

Әлихан Қызылорда қаласынан келген. Есентай бойымен серуендеп жүргенде, суға батып бара жатқан баланы көріп, еш ойланбастан өзенге секірген.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу