2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша 14-35 жас аралығындағы жастар арасында 22 700 құқық бұзушылық тіркелген. Ең көбі Алматы, Астана және Шымкент қалаларында. Бұл туралы жастар ресурстық орталықтарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.
Жиында жастар арасындағы жұмыссыздық, құқық бұзушылық және суицид мәселесі де сөз болды. Өкініштісі NEET санатындағы жастардың өз-өзіне қол салу мәселесі әлі де күн тәртібінен түспей тұр. Осыған байланысты мамандар жастармен жұмыс істеу тәсілдерін жаңарту қажет деп санайды.
Қазір елімізде 231 жастар ресурстық орталығы бар. Онда 3 000-ға жуық маман жұмыс істейді.
Біржан Әлімжанов, Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:
Жастар аудиториясы өзге әлеуметтік топтармен салыстырған кезде әртүрлі жаңашылдықтарға бейім келеді. Ол ортадағы адамдардың ұстанымдары, құндылықтар жүйесі қалыптасу кезеңінде. Сондықтан олармен жұмыс істеу тәсілдерін белгілі бір уақытта жаңғыртып, жаңартып отырған өте маңызды.
Серік Жұмабек