Алматыда ақын Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ақын Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды

28.10.2024

Алматыда Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, белгілі ақын Жәркен Бөдешұлы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды. Қазақ әдебиеті мен руханиятына мол үлес қосқан, ойшыл ақын Қытайдың Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында дүниеге келген. Көзі тірісінде «Жәркен жырау» атанған қаламгердің артында өлмес, өшпес өлеңі қалды.

Биыл – біртуар тұлғаның туғанына 80 жыл, соған орай есімі ардақталып отыр, - дейді жиналғандар.

Белгілі ақынның «Аңырақай бекетіндегі ой», «От пен су», «Тас бесік», «Шер» атты дастандары, «Көкше құрақ», «Қос қанат» сынды өлеңдері мен поэмалар жинағы жарық көрген.

Ғалым Қалибекұлы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары:

Ол - бүгінгі жауып тұрған жаңбыр сияқты поэзиясы төгіліп тұратын ақын. Ешқашан асқан емес, тасқан емес, бүгінгі қоғамның аса көрнекті ақыны еді. Бұл – тарихқа қалатын ескерткіш. Ал бұл ескерткіш деген сөз жастарға, кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тағылым деп ойлаймын.

Жазира Оразқызы


Хабарламаларға жазылу