Жалпы, елімізде мемлекеттік қызметшілерге тиесілі 90 672 штат бар. Оның 8 035 орны бос тұр. Қалған 82 619-да адам жұмыс істеп жатыр. Осыған байланысты азаматтарды мемлекеттік қызметке тартуды ынталандыру тәсілдері де түрленіп келеді.
Мысалы, жоғары оқу орындарын жақсы нәтижемен аяқтаған түлектерді аудандық және ауылдық деңгейдегі бос орындарға конкурссыз орналастыру. Соңғы екі жылда осы тәртіппен 375 түлек мемлекеттік қызметке конкурссыз орналасқан.
Бұдан бөлек, 2019 жылдан бері Мемлекет басшысының бастамасымен Президенттік жастар кадр резерві жұмыс істеп тұр. Қазір барлығы 400 адам түрлі салада еңбек етіп жатыр. 295 резервші лауазымды қызметтерге тағайындалған.
Сондай-ақ, жеке және квазимемлекеттік секторлардағы жұмыс өтілін қоса есептеу тәжірибесі тағы бар. Үлгілік біліктілік талаптарындағы мұндай өзгеріс те түрлі саладағы мемлекеттік қызметшілер жетіспеушілігін азайтады.