Мемлекетке қайтарылған активтер қайда жұмсалады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекетке қайтарылған активтер қайда жұмсалады?

28.10.2024

Мемлекетке қайтарылған активтер есебінен Алматы мен Шымкент қаласында әлеуметтік нысан салынады. Бұл туралы Бас прокуратура жанынан құрылған активтерді қайтару жөніндегі комитет хабарлады. 

Алматыда бұл ақшаға ауданы 3 мың шаршы метрден асатын заманауи Мәдениет орталығы ашылмақ. Онда көрме алаңдары, білім беру және демалыс орындары қарастырылған. Әлеуметтік осал топ өкілдеріне жыл сайын тегін шеберлік сабақтары өткізіледі.

Ал Шымкентте мұқтаж отбасылар үшін көпқабатты тұрғын үй салынады.  Мұндай әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін қайтарылған актив есебінен 12 миллиард теңге бөлінеді. Жалпы «Арнайы мемлекеттік қорға» заңсыз алынған активтерден 171 млрд теңге түскен.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу