Немістің «Volkswagen» компаниясы Германияда үш зауытын жаппақ. Сонымен қатар, әйгілі кәсіпорын ондаған мың жұмыс орнын қысқартады. Мұны автоконцерннің өндіріс жөніндегі кеңесі бірер сағат бұрын мәлімдеді.
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, «Volkswagen»-нің мұндай шешім қабылдауына Қытай мен Еуропа елдері тарапынан сұраныстың азаюы себеп. Оның үстіне, «Қарт құрлықтың» жетекші көлік шығарушысы нарықтағы жағдайға байланысты қазір өзін қайта құрылымдауды көздеп отыр.
Арыстан Рысбек