Ауыл шаруашылығы техникасының 76% тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы техникасының 76% тозған

29.10.2024

Еліміздегі ауыл шаруашылығы техникасының 76 пайызы әбден тозған. Бұл туралы премьер-министр Үкімет отырысында айтты. Олжас Бектеновтің сөзінше, отандық өнімді қолдау мақсатында биыл сырттан әкелетін техниканы субсидиялау тоқтаған.
Ал өзімізде жыл басынан бері 5 мыңнан аса комбайн мен трактор құрастырылды. Бірақ ауыл шаруашылығы техникасы жоспардағыдай 8 пайызға емес, 5 пайызға ғана жаңарған. Сонымен бірге теміржол вагондарының 55 пайызы ескірген.

Олжас Бектенов, Премьер-Министр:

Биыл секторда өндіріс көлемі 1,5 есеге өсті. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. Тасымалдаушылардың қажеттіліктері толық көлемде және бірінші кезекте отандық техниканың есебінен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондықтан жұмыс қарқынын арттырып, дайын өнімдер мен қосалқы бөлшектер шығаратын жаңа жобаларды іске қосу қажет.

Айя Мүтәлі

Хабарламаларға жазылу