Шымкенттің қоғамдық көлігінде жол ақысы енді тек электронды түрде қабылданады. Қолданыстағы «Төлем» жүйесінің орнына «Автобус» қосымшасы енгізілді. Өйткені автобус жүргізушілерінің жолаушылардан жолақы үшін қолма-қол ақша сұрайтын немесе оны жеке шотына аударуын талап ететін жайттар жиілеген. Тек биылдың өзінде тұрғындардан осындай 3 жарым мың шағым түскен. Жаңа бағдарламаның көмегімен енді қай бағыттағы автобустың қанша уақытта келетінін де бақылауға болады және төлем жасаудың тиімді тәсілдері қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушісі арнайы планшет арқылы жолаушылардың жолақы төлегенін немесе төлемегенін көре алады.
Жомарт Камидоллин, оператор компанияның директоры:
Бақылау тексеру қызметін смарт мобильсити базасында құрып жатырмыз. Видеожетон, контролердің құрылғысы бар. Ол автобустың ішінде қанша адамды тексерді, қай уақытта бастады, қай уақытта шықты, қанша адам төледі, төлемеді соның барлық ақпаратты жүйеде көрініп тұрады.
Ғани Қалмаханов