Ақтөбеде «Жастық. Жігер. Болашақ» форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Жастық. Жігер. Болашақ» форумы өтті

29.10.2024

Ақтөбеде «Жастық. Жігер. Болашақ» форумы өтті. Мақсат – нашақорлықты, суицид пен буллингті болдырмау, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу. Облыс әкімдігі мен Полиция департаменті ұйымдастырған шара құқық қорғаушылардың қызметіндегі авто, мотокөліктердің көрмесімен басталды. Жастар әр түрлі қару-жарақтарды да қолдарымен ұстап көрді. Ал «Өнер орталығында» талантты оқушылар өздерінің ғылыми жобалары мен туындыларын ұсынды. Форум жұмысын онлайн режимде төрт мыңға жуық оқушы тамашалады.

Абай Жүнісов, облыстық полиция Департаментінің бастығы:

Президентіміздің Жолдауында көрсеткен есірткі қылмысы бар, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатындағы ұйымдастырылып отырған іс-шара. Бұл тек есірткі қылмысы емес, мектеп арасында буллинг дейді, өз өзіне қол жұмсау, одан бөлек бопсалау фактілерін болдырамау. Басты мақсат – жастарымызды жігерлендіру, осы қоғамдық қауіпсіздікті бірге сақтау мақсатында.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу