Вашингтонда түркі халықтарының фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вашингтонда түркі халықтарының фестивалі өтті

29.10.2024

Қара жорға билеген америкалықтар. АҚШ астанасы Вашингтонда өткен Түркі халықтарының фестивалінде қазақ қыздарынан құралған «Гүлдер» би тобы өнер көрсетті.

Қазақ қыздарынан құралған би тобы Америкада жеті жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Жыл сайын өтетін әйгілі фестивальге үшінші рет қатысып отыр. Осы елдің заң шығарушы органы – Капитолидің жанында болған шарада қазақтың бірнеше ұлттық биін көрермен назарына ұсынды. Америкалықтарға әсіресе қара жорға ерекше ұнаған секілді. Жаппай билеп мәре-сәре болды.

Қазақ белсенділері түркі халықтарының көрмесіне де қатысып, ұлттық тағамдар мен тәттілерін ұсынды. Көрерменді қазақтың ұлттық киімдері қатты қызықтырса керек. Киіп көріп, суретке түсу үшін кезек күткендер аз болмады.

Каражан Кая, Вашингтон тұрғыны:

Мен Қазақстанда болмасам да, алдағы уақытта сіздерге барып, бауырларымызбен кезіккім келеді. Қазақ халқының көшпенділер екенін, дала заңын қатты құрметтейтінін білемін. Бізді көп дүние біріктіреді. Түбіміз бір.

Жиырма жылдан бері тұрақты өтіп келе жатқан фестивальде түбі бір түркі жұртының ұлттық салт дәстүрлері паш етіледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл сайын фестивальді көру үшін 20 мыңға жуық адам келеді.

Жалғас Сәдібекұлы


Хабарламаларға жазылу