Алаяқтар енді eGov пен 1414 қызметін де пайдалана бастапты. Халықты алдап, арбаудың схемасы әдеттегідей. Хабарлама жібереді немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде хабарласады. Жеке деректерді сұратады. Жоқ айыппұлды төлеуді талап етеді.
Мұндай жағдай Абай облысында жиілеп кеткен. Полицейлер халықты абай болуға шақырады. Күдікті қоңырауға жауап бермеуге, сілтемеге кірмеуді ескертеді. Алаяқтардың арбауына түспес үшін кез келген күдікті жағдайда полицияға хабар беру қажет.
Самал Қабышева