Президент Моңғолия Премьер-министрі Лувсаннамсрайн Оюун-Эрдэнэмен кездесті. Мемлекет басшысы жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы орындау үшін екі ел үкіметтерінің бірлесе күш-жігер жұмылдыруы керек екенін атап өтті. Өз кезегінде Премьер-министр мемлекеттер басшылары деңгейінде қабылданған шешімдерді Моңғолия Үкіметі орындауға дайын екенін растады. Оның айтуынша, Ұлан-Батыр Қазақстанның даму жолын жіті зерттейді.
Шерхан Жамбылұлы