Қазақстан қор биржасында доллар күрт қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қор биржасында доллар күрт қымбаттады

29.10.2024

Қазақстанда доллар күрт қымбаттады. Бағасы бірден 3 теңгеге көтерілді. Қазір бір доллардың құны 491 теңгеге жетті. Екі ай бұрын 20 теңгеге арзан болған. Осылайша, АҚШ валютасы еліміздің экономика нарығында нығайып келеді.

Бүгінгі мәлімет бойынша, Қазақстан қор биржасында доллардың орташа бағамы 3,39 теңгеге көтерілді. Қазір еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар 490 және 494 теңгеге сатылып жатыр. Ал, еуро 534, Ресей рублі 5 теңгеге саудаланып жатыр.

Самал Қабышева


Хабарламаларға жазылу