Түркістан облысы, Кентау қаласында оқуға түсіріп беремін деп жұртты алдап соққан алаяқ әйелдің ісі сотқа жолданды. Ол таныстарының сеніміне кіріп, 3 млн теңге ақша алып алған. Алайда уәдесін орындамай алған ақшаны жеке бас пайдасына жаратқан. Күдіктінің бұған дейін де осындай қылмыс жасағаны анықталды. Қазір оның ісі сотқа жолданды.
Айнұр Ақбаева