АҚШ-та президент сайлауы тура бір аптадан кейін өтеді. Қос кандидат дауыс беру науқаны алдында қорытынды сөз сөйледі. Камала Харрис Вашингтонда өткізген митингке 75 мыңнан астам адам жиналған. Демократиялық партия атынан кандидат өзі басымдық беретін маңызды тармақтарды атады.
Харрис «америкалық лидерлердің жаңа буынына уақыт келді»,- деп мәлімдеді. Осы сәтте Дональд Трамп Пенсильвания штатында сайлауалды митинг өткізіп жатты. Республикалық партия атынан кандидат Ақ үйге оралса, инфляция деңгейін төмендетіп, елге мигранттардың келуін тоқтату туралы уәдесін қайталады.
Арай Төлеген