Астанада Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиын өтті

30.10.2024

Астанада Түркия Республикасының Ұлттық күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған Мемлекет басшысының тапсырмасымен Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов қатысты. Бауырлас түрік халқын Анадолы елінің құрылғанына 101 жыл толуымен құттықтады. Палата төрағасы өз сөзінде қазақ халқы тәуелсіздігін ең алғаш таныған мемлекет ретінде Түркияны ерекше қадірлейтінін атап өтті.

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы:

Биыл Достық және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылғанына 30 жыл толып отыр. Сол екіжақты қарым-қатынас, бабаларымыз салып кеткен сара жол жыл өткен сайын жанданып, ынтымағымыз өрлеп-өркендеп келеді. Қазіргі таңда Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастық кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне жетті. Оған біздің елдеріміздің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоғанның арасындағы мызғымас достық берік негіз болуда.


Хабарламаларға жазылу