«AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Ұлы дала» байқауының аймақтық кезеңі аяқталды. Әдеби конкурсқа Астананың 20-45 жас аралығындағы 40-тан астам қаламгері қатысқан. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жазушылар мен ақындардан бас-аяғы 50-ге жуық өтінім түскен.
Жыл сайын өтетін байқау биыл - көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдық мерейтойына арналды. Жеңімпаздар «Проза», «Поэзия», «Балаларға арналған шығарма» номинациялары бойынша анықталды. Одан бөлек тағы үздік төрт қатысушыға «Ғабиден Құлахметов», «Несіпбек Айтұлы», «Ақселеу Сейдімбек», «Кәкімбек Салықов» атындағы арнайы жүлделер табысталды.
Мұхаммед Болысбек – «Amanat» партиясы Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы:
Бүгінгі осы 50-ге жуық шығарманың ішінен 12-сі таңдалып алынды. Яғни олар жеңімпаз атанды. Сол 12 шығарманың 12-сі де республикалық кезеңге өтетін болады.