Астанада әлемге әйгілі суретші Максим Кантордың «Құштарлық» атты жеке көрмесі ашылды. Оған суретшінің 40-тан астам туындысы қойылған. Германиялық жазушы, публицист, драматург әрі философтың жұмыстарын бірқатар елдің музейінен көруге болады. Оның ішінде Ресей, Ұлыбритания секілді елдер бар.
Жазушының 30-дан астам кітабы мен 20 көрме каталогы бар. Оның кітаптары көптеген шет тілдеріне аударылған. Сыншылар «Учебник рисования» және «Красный свет» романдарын қазіргі заманның ең таңдаулы туындысы екенін мойындаған. Максим Кантордың туындылары қойылған көрменің жұмысы 9 желтоқсанға дейін жалғасады. Тұрғындар суретшінің шығармаларын «HAS SANAT» өнер галлереясына барып көре алады.
Максим Кантор, суретші:
Мұнда менің 40-тан астам туындым қойылған. Әр еңбегім Еуропаның әр елінде жарық көрді. Шығармашылығымды Орталық Азияда, соның ішінде өнерді бағалайтын Қазақстанға таныстыру мен үшін өте маңызды. Себебі осында біраз жанкүйерім және оқырманым бар.