Ұлытау облысында 10 үйдің суға кетуіне шенеунік кінәлі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлытау облысында 10 үйдің суға кетуіне шенеунік кінәлі

30.10.2024

Ұлытау облысында тасқын кезінде үйлердің суда қалуына кінәлі жауапты тұлғаларға қатысты тергеу аяқталды. Нәтижесінде өңірдің Табиғи ресурстар басқармасының басшысы құрылыс нормаларын дұрыс орындамағаны анықталды. Ол «Жезді өзенін санациялау» жобасының құжаттамасында ауытқуларға жол берген, яғни қағаз жүзінде өзен тазаланды деп атқарылмаған жұмысқа қол қойған. Соның кесірінен Жезді кентіндегі 24 жеке үйдің 10-ы суға кетті. Қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді. 

Жандос Бақытұлы

Хабарламаларға жазылу