Оңтүстіктегі су қоймалары 55% толған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстіктегі су қоймалары 55% толған

30.10.2024

Оңтүстіктегі су қоймалары 55 пайызға толы. Бұл өткен жылғы дәл сол кезеңмен салыстырғанда 23 пайызға артық. Бұл су қоймалары келесі жылғы суару маусымына, су жинауға кіріскен. Ал солтүстік, батыс және шығыс облыстарында жағдай керісінше. Көктемгі су тасқыны кезінде еріген қар суын жинау үшін орын босатып, су жіберіліп жатыр. Бүгінгі таңда көрсеткіш әр аймақта әртүрлі. Солтүстіктегі су қоймалары 79 пайызға толған, ал батыста 44 пайыз су жиналған. Шығыста 89 пайызға, ал Орталық Қазақстандағы су қоймалары 85 пайызға толы. Су ресурстары және ирригация министрлігі жерснарядтар секілді мамандандырылған техниканы пайдалана отырып, өзен арналарын тазарту жөнінде ұсыныс жіберді. 

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу