Испаниядағы тасқыннан 51 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниядағы тасқыннан 51 адам қаза тапты

30.10.2024

Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауған нөсер жауыннан кейін алапат тасқын жүрді. «Би-Би-Си-дің» мәліметінше, табиғи апаттан 51 адам қаза тапқан. Тасқын судан Валенсия мен Альбасете өңірінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Олар дрондардың көмегімен іздестіріліп жатыр. Көптеген аудан су астында қалып, теміржол және әуе қатынасы кедергілерге тап болды. Кей жерлерде жауын-шашынның бір айлық мөлшері жауған. Мектептерде сабақ тоқтады. Саябақтар жабылды. Испания билігі тұрғындарға мейілінше үйде отыруға кеңес берді. 

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу