Қытайдың Хайнань провинциясында «Трами» дауылы соқты. Өңірде жауын жауып, тасқын жүрді. Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасып жатыр. Дауылға байланысты балабақша, мектептер жабылды. Күн райын бақылаушылар Хайнаньда толассыз жауын әлі де болатынын және тасқын күшеюі мүмкін екенін ескертті.
Арай Төлегенқызы