Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген күдіктіге қатысты іс қайта қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда күзетшіні ұрып өлтірген күдіктіге қатысты іс қайта қозғалды

30.10.2024

Алматыда күзетшіні аяусыз соққыға жығып өлтірген ер адамға қатысты іс қайта тергеліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция Департаменті хабарлады.

Осыған дейін күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы орталыққа жатқызылып, қыркүйек айында тергеу амалдары тоқтатылған еді. Қазір күдікті қамауға алынды.

Еске сала кетейік, көктемде Алматыдағы элиталық «Меркур Тауэрс» көпқабатты үйдің тұрғыны мас күйінде көлік тізгіндеп, қақпаны жауып жатқан күзетшіні әдейі бірнеше рет қағып, артынша ұрып өлтірген еді.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу сот-психиатриялық сараптамаға байланысты үзілген болатын. Қазіргі уақытта өндіріс қалпына келтіріліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жіберілетін болады.

Айдана Қуантхан

Хабарламаларға жазылу