АЭС құрылысына қатысты тиісті консультациялар басталды. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Мәжіліс қабырғасында мәлімдеді. Оның сөзінше, жақында арнайы Үкіметтік комиссия құрылады. Олар атом станциясын салуға ниетті компаниялармен ашық диалогты бастайды. Әзірге министрлік өкілдері Қытай және Оңтүстік Корея елінің технологиялары бойынша кездесу өткізген.
Алмасадам Сәтқалиев, Энергетика министрі:
Біз әлеуетті вендорларға тиісті талаптарды айтып жатырмыз. Осы орайда электр энергиясы мен құрылыстың өзіндік құны, сондай-ақ нысанның құрылысын уақытылы аяқтау кепілдігі сияқты мәселелер ескерілген. Сонымен қатар, қауіпсіздік мәселелері, бүкіл әлеуметтік пакет, қаржыландырумен қамтамасыз ету бағытында да жұмыстар атқарылып жатыр.
Айя Мүтәлі