Өзбек кәсіпкерлер Абай облысына инвестиция салмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбек кәсіпкерлер Абай облысына инвестиция салмақ

30.10.2024

Өзбекстан кәсіпкерлері Абай облысында ірі құс фабрикасын салуға ниетті. Сондай ақ аталған өңір мен көрші елдегі облыстар арасында ауылшаруашылығы өнімдерін, оның ішінде өсімдік май экспортын арттырмақ.

Аймақ басшылығы мен бауырлас елдің Жызақ және Науайы облыстары арасында іскерлік қарым- қатынас орнату бойынша келісім жасалды. Бұл құжат өзара сауда-экономикалық, ғылыми-мәдени байланыстарды қамтиды. Өткен тоғыз айда Абай облысы мен Өзбекстанның өңірлері арасында сауда-саттық көлемі айтарлықтай артқан. Әсіресе қайта өңдеу саласы мен жеңіл өнеркәсіпті дамытуға басымдық берілгені байқалады. Өзбекстандық компаниялар алдағы уақытта облыс аумағында жылына үш миллион дана жұмыртқа өндіретін ірі кәсіпорын салуды жоспарлап отыр.

Әділбек Мұсабаев, Абай облысы әкімінің орынбасары:

Өзбекстан республикасымен сауда айналымы жыл басынан бері 30 млн доллардан асып түсті және бұл байланысты одан әрі арттыруға мүмкіндік бар. Екіншіден агроөнеркәсіп кешеніндегі түрлі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ниетіміз бар.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу