Испанияның шығысы мен оңтүстігінде толассыз жауыннан алапат тасқын жүрді. «Би-Би-Си»-дің мәліметінше, 52 адам қаза тауып, Валенсия мен Альбасете өңірінде бірнеше тұрғын жоғалып кеткен. Олар дрондардың көмегімен іздестіріліп жатыр. Көптеген аудан су астында қалып, теміржол және әуе қатынасы кедергілерге тап болды. Кейбір жерлерде жауын-шашынның бір айлық мөлшері түскен. Осыған байланысты, мектептерде сабақ тоқтатылып, саябақтар жабылды. Жергілікті билік тұрғындарға мейілінше үйде отыруға кеңес беріп отыр.
Арай Төлегенқызы