Қазақстандықтар БЖЗҚ есебінен 375 млрд теңге пайдаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар БЖЗҚ есебінен 375 млрд теңге пайдаланды

30.10.2024

Қазақстандықтар жыл басынан бері зейнетақы қорына жиналған 370 млрд теңгеден астам қаржысын пайдаланған. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осындай ақпарат таратты.

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге 375,1 млрд теңге төлем жасалған. Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер шамамен 147,3 млрд теңге, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 35 пайызға жоғары. Сақтандыру ұйымдарына 252,9 млрд теңгеден астам сома аударылды. Қордан жасалған төлемдер 860 млрд теңгеге жетті.

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге – 375,1 млрд теңге
Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер – 147,3 млрд теңге
Сақтандыру ұйымдарына аударылған қаржы - 252,9 млрд теңге
Жалпы төлемдер – 860 млрд теңге


Оңғар Алпысбай

Хабарламаларға жазылу